Оқу-жаттығу жұмыстары өтті

Аудан аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша тактикалық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Болатбек Кангужин, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Василий Кучерин, Қарағаш, Бестамақ, Бесқоспа, Тамды өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, аудандық төтенше жағдай бөлімдерінің, сондай-ақ аудандық аурухана мамандары қатысты.

Құрғақ және ыстық ауа райына байланысты өрттің болу қауіптілігі неғұрлым жоғарылайды. Ауа-райының ысып кетуі салдарынан табиғат аясында демалушылардың отты абайсыз қолдануы және басқа да жағдайлардың, өрттің алдын-алу шаралары ұйымдастырылады.

  • Орманда, дала алқаптарында өрттердің болу себептері әртүрлі. Мәселен, демалыс орнында қараусыз қалдырылған от шоғы, сөндірмей тастап кеткен темекі тұқылы, майланған, тез жанғыш заттарды және қоқысты қалдырып кету себептерінен туындайды.

Табиғатта өрттің себепкері болмас үшін жас ағаштың қылқан жапырақтарының, қурап қалған шөп орнында, ағаштардың астында отты жақпау керек. Отты тек қана арнайы белгіленген орындарда жағу қажет. Орманнан, дала алқабынан, демалыс орындарынан кеткен кезде отты толық сөндіріп, топырақпен көму немесе үстінен су құйып, жанғыш заттарды, қоқысты, сөндірілмеген темекі тұқылын тастамау керек.

Орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтап, өртке қарсы қызметінің және орман шаруашылығы күш-құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлауды, өрт сөндіру дағдыларды жетілдіруді, жергілікті атқарушы мамандармен бірлескен іс әрекеттерінің тиімділігін көтеруді негізге алған шара Қарағаш ауылдық округіне қарасты далалық жерде өтті. Шара барысында өрт сөндірушілер талдарға жақын орналасқан шөптің өртін ауыздықтау және сөндіру әрекеттерін іс жүзінде көрсетті.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жоғарыда аталып өткен кез-келген себеп өрттің болу қаупіне себеп болатынын ескере келе, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлы қарамай, табиғат аясында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.

Орман және дала алқаптарында кез келген алқаптың немесе орманның жануын байқаған кезде оны сөндіруге кірісу қажет. Егер өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, өрт шыққан жерді анықтап тиісті органдарға хабарлауыңызды сұраймыз.

Еркін Жалмағамбетов,

№6 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары