Президент Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM – Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.
Фото: Ақорда
Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.
Фото: Ақорда
Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Вашингтонға жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.
https://kaz.inform.kz/news/prezident-vashingtonda-otandastarimizben-kezdest-6dc026/