Аудандық аурухана тұрғындарға ескертеді
ҚАРАҚҰРТ ШАҒУЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Жаз мезгілінде табиғатқа, жайлауға немесе бау-бақшаға шыққанда қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Себебі дәл осы уақытта улы жәндіктер, соның ішінде қарақұрт өрмекшісі көп кездеседі.
Қарақұрт – уы күшті улы өрмекші. Оның шағуы адам ағзасына аса қауіпті әсер етеді:
- жүрек қағысын жиілетеді;
- тыныс алуды ауырлатады:
- бұлшықеттердің түйілуіне, қатты ауырсынуға әкеледі.
Уақытылы медициналық көмек көрсетілмесе, салдары өте ауыр болуы мүмкін.
- Қарақұрт шағуын болдырмау үшін аудандық аурухана мамандары келесіні ұсынады:
- Шөпке, бақшаға немесе жайлауға шығарда жабық киім киіп, қонышы биік аяқ киім (етік) таңдаңыз;
- Киімді, аяқ киімді киместен бұрын сілкіп, мұқият қарап шығыңыз;
- Шөп үстіне жатпас бұрын төсенішті тексеріңіз;
- Аула мен үй маңындағы қураған шөп пен қоқысты тазалап отырыңыз;
- Шатыр, жертөле, сарай секілді орындарға кірерде сақ болыңыз;
- Балаларға қарақұрт туралы түсіндіріп, оны ұстауға болмайтынын ескертіңіз.
Егер қарақұрт шағып алса:
- Жедел жәрдем шақырыңыз – 103;
- Жәбірленушіні тыныш жатқызыңыз, артық қимыл жасатпаңыз;
- Шаққан жерді сабынды сумен жуып, таза таңғышпен байлаңыз;
- Қолды немесе аяқты жоғары көтеріп қойыңыз – бұл удың таралуын баяулатады;
- Халық емін қолданбай, тек дәрігерге жүгініңіз!
Төтенше жағдайда дереу аудандық ауруханаға немесе ауылдық медициналық пунктке хабарласыңыз.
Өз денсаулығыңызды қорғаңыз – қарапайым сақтық өміріңізді сақтайды!
Дана Нұржанқызы,
Алға аудандық ауруханасының жалпы тәжірбиелік дәрігері