Қазынашылық комитетіне 30 жыл
Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған спорттық жарыс өтті.
Спорттың үш түрінен ұйымдастырылған сайысты аудан әкімі Нұрбол Ержанов ашып, жиналғандарды құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Құрметті қазынашылық жүйесінің қызметкерлері, алғалықтар! Сіздерді Қазақстан қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуымен баршаңызды шың жүректен құттықтаймын. Жалпы тарихы ел тәуелсіздігімен бірдей кезеңде басталған мемлекеттік қазынашылық жүйесінің мемлекеттік қаржы басқарудағы алып отырған орны ерекше. Бүгінде елімізде қазынашылық жүйесі әрдайым қарқынды дамып келеді. Соның ішінде, ауданымызда қанша жылдан бері еңбек етіп келе жатқан қызметкерлеріміз өздерінің міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып келді. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Мереке құтты болсын, еліміз аман болсын, — деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Нұрбол Бақытжанұлы.
Спорттық жарысқа 2 команда қатысып, спорттың 3 түрінен шағын футбол, волейбол, үстел теннисі спорт түрлерінен өзара күш сынасты. Жалпы командалық есепте Алға ауданы әкімшілігі – І орынды, Қазынашылық комитетті – ІІ орынды иеленді.
Атап айтқанда, Қазынашылық комитеті волейболдан жүлделі — І орынды ал, үстел теннисі мен футболдан — І|І орынды иеленсе, Алға ауданы әкімшілігі үстел теннисі мен футболдан – І орын, волейболдан – ІІ орынды иеленді. Жеңіске жеткен қызметшілерге кубоктар, медальдар мен грамоталар табысталды.
Мәншүк САПАРОВА