Қоқыс пен шөпті жағу өртке әкеледі

Көктем кезеңінде елді мекендер аумағында құрғақ шөп пен қоқыстың өртену жағдайлары айтарлықтай артатыны сөзсіз. Осындай жағдайлар әдетте қоқысты үйіндеу және жағу кезіндегі талаптарды бұзу салдарынан туындайды.

Көктемгі тазалық кезеңінін басталуына байланысты өрт және жану жағдайлары арта түседі. Бұл жеке үйлердің иелері ғимараттардың жанында қоқыс, былтырғы жапырақтар және құрғақ шөптерді өртеп, оларды қараусыз қалдыруынан орын алады.

Жазғы маусым үшін қоқыс тазалау және оны жағу көптеген зиян келтіру әдеттегі рәсім. Өкінішке орай, көптеген азаматтар, құрылыс маңында от жағып оны қараусыз тастап кетеді. Қараусыз қалған от лезде қора немесе үйге ауып үлкен өртке айналып кетуі мүмкін.

Одан қалды жаз мезгілінде құрғақ шөпті, қоқысты тұрғындардың өзі өртеп,  бақылаусыз қалдырады. Міне, осындай жауапкершіліксіз атқарылған істің салдарынан өрт орын алып жатады. Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі көктемгі өрт қауіпі өршіп тұратын кезеңде қоқыс және құрғақ шөпті жағуға тиым салу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.

 Рейд барысында тұрғындарға:

  • Отпен абай болу;
  • Балаларға отпен ойнауға рұқсат бермеу;
  • Ғимараттардан 50 метр және орман алқаптарынан 25 метр жақын жерде қоқыс және құрғақ шөп жақпау туралы ескертілді.
  • ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 336 бабына сәйкес, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинау ережелерін бұзу, көрсетілген қалдықтарды жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау-ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — 3, лауазымды адамдарға — 20, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі — ШКС) немесе коммерциялық емес ұйымдарға (бұдан әрі — КЕҰ)— 40, орта кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі — ОКС)— 70, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі-ІКС)— 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын ескертеміз.
    • Өрт қауіпсіздік шаралын сақтау өрттердің азаюының басты шарты. Құрғақ жапырақ пен қоқыстан болған өрт тұрғын үй мен құрылыстарға тез ауып, материалды шығын келтіріп, ең бастысы адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін екенін ұмытпайық, — ескертеді Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі.
  • Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарлаңыз! Ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу тегін.

 P.S: Біріншіден жағылған оттарды қараусыз қалдырмай, бақшалар мен үй маңайын ескі жапырақтар мен қоқыстан уақытылы тазалап отырыңыз. Сонымен қатар Алға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі желді күні от жағуға тиым салынатынын қатаң түрде ескертеді. Бұдан басқа, үй маңайында тез жанғыш және сұйық газы бар ыдыстарды сақтауға болмайтынын естен шығармаңыз.

Алға ауданының төтенше жағдайлар бөлімі