Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заңымыз – Тәуелсіз еліміздің ең қастерлі құжаты, мемлекетіміздің берік іргетасы. Конституция – қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімнің, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі. Ол біздің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде даму жолымызды айқындап берді. Ал Ассамблея – этностарды тоғыстырған достықтың, бірліктің және татулықтың алтын діңгегі. Бұл қос мерейлі дата – Қазақстанның әлемге бейбітсүйгіш, көпұлтты және ынтымағы жарасқан ел екенін айшықтайды.
Құрметті жерлестер!
Біз мызғымас бірлік пен өзара құрметтің арқасында ғана жарқын болашаққа жете аламыз. Осы құндылықтарды қастерлеу – біздің басты парызымыз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен шаттық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін. Еліміз өркендеп, тәуелсіздігіміз нығая берсін!
Мереке құтты болсын!
А.Шүйіншәлиев,
Алға ауданының әкімі