Құрметті Бекжан Аппазұлы!

Сізді зейнеткерлікке шығу сәтіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сіз Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарып, адамгершіліктен айнымаған, еліне адал қызмет еткен жан ретінде танылдыңыз.  Сонымен қатар, «Газет – адамға ауадай қажет құндылық» деген ұстанымды жадыңызда ұстап, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газеті редакциясының жұмысына қолыңыздан келгенше қолдау көрсете білдіңіз.

Осы уақытқа дейін қай қызметте болмасын кездескен тосқауылдарды қазақтың өр мінезді азаматтарына тән қайсарлықпен еңсере білдіңіз.

Алдағы уақытта да осы жасыңызда қол жеткізген биіктеріңіз бен алған асуларыңыздың рахатын көріп, бақыт пен сәттілікке толы жылдарыңыз қызығы мол, қуанышы ұзақ, шаттығы шексіз күндермен жалғаса берсін.

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жаныңызға жылылық, шуақты күндер тілейміз.

 

 

 

       Ізгі ниетпен,

аудандық «Жұлдыз-Звезда»

газетінің редакциясы