17 қараша – Халықаралық студенттер күні

Қызықты көңіл, студенттік өмір!

Студенттік өмір – бұл адам өмірінің ең бір ұмытылмас шақтарының бірі. Мектеп табалдырығын аяқтаған соң, үлкен өмірге қадам басатын кезеңнің басы. Арман қуып қалаға келген әрбір студенттің бойында белгілі бір маман иесі атануға деген құлшыныс, жаңа ортаны танып-білуге деген ынта-жігер, жаңа қызықты өмірге деген қызығушылық болады.

17 қараша – Халықаралық студенттер күні қарсаңында 70 жылға жуық тарихы бар Алға индустриялық-техникалық колледжі туралы газетіміздің аталмыш санында ұсынуды жөн көрдік.

КСРО Үкіметінің Мемлекеттік еңбек резервтері туралы жарлығының негізінде 1956 жылы Бессараб машина – тракторлар станциясы базасында Ақтөбе облысы Ключевой ауданы Ильинка ауылында №118 Бессараб ауылшаруашылық-механикаландыру училищесі болып құрылған. Мақсаты ауданның ауылшаруыашылық салаларында механизаторлар, сонымен қатар КСРО-ның барлық аймақтары мен облыстарында 6 ай оқу көлемінде тракторшы, комбайншы, темір ұстасы, сауыншы, шопан мамандарын даярлау болып табылады. 1960 жылы училище 1 және 2 жылдық тереңдетілген оқу құрылымына ауысты. Жаңа мамандықтар енгізілді: 3-сатылы тракторшы-машинисті, ауылшаруашылық құрылғыларын жөндеу және басқару жөніндегі темір ұстасы, автокөлік жүргізушісі, кең көлемді бағыттағы тракторшы-машинсті, темір ұстасы. 1968 жылы №118 Бессараб селолық кәсіптік – техникалық училищесі болып өзгертілді.1977 жылы басшылықтың шешімімен училище 3 жылдық оқу мерзімінен орта білімді мамандар даярлайтын №118 Бессараб селолық кәсіптік-техникалық училищесі болып ауысты.

Қазіргі заман талабына сай, Алға қаласында жаңа кешен құрылысы жүргізіліп, шілде айында училище Алға қаласына көшірілді. 1982 жылы №16 Алға селолық кәсіптік – техникалық училищесі болып атауы өзгертілген. 1997 жылы Алға қалалық №2 кәсіптік мектеп болып қайта құрылды. Алға училищесінде еліміздің кәсіпорындары үшін 20 000 астам жас білікті мамандар даярланды. Училищенің көптеген түлектері жаңашыл және озат мамандар болып шықты.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысымен «№5 Алға кәсіптік-техникалық лицейі» мемлекеттік мекемесі 21.12.2004 жылы №380 бұйрығымен «№5 Алға кәсіптік лицейі» болып өзгертілді.

«№5 Алға кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысының Білім басқармасына 10.04.2009 жылы берілген. АБ №0029945 санды мерзімі шектеусіз лицензия негізінде жұмысшы мамандар даярлайтын құқық бар. Алғаш рет №331 болып тіркелді. 2008 жылы Ақтөбе облысының білім басқармасының №456 бұйрығы негізінде №5 Алға кәсіптік лицейі болып атауы өзгертілді. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы шілде айының 10 жұлдызындағы №240 қаулысына сәйкес «Алға индустриялық – техникалық колледжі» болып қайта құрылды.

Бүгінгі таңда колледж мамандарды даярлауды келесі мамандық бойынша жүргізеді:

07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі10130300 Тамақтандыру ұйымдастыру3W10130302 Аспаз07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша)3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші07320100 Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану3W07320104 Кең бейінді құрылыс жұмыстарының шебері07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 3W07230101 Тігінші07321200 Газбен қамтамасыз ету жабдықтары мен жүйелерін құрастыру және пайдалану3W07321201 Газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 3W07161301 Авмотобиль жөндеу слесарі07130100 Электржабдықтарды (түрлері мен салалары бойынша)3W07130101 Электрмонтер (түрлері мен салалары бойынша)07161700 Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу3W07161701 Механикаландырылған фермалар мен өсіру кешенінің операторы

Колледжден жыл сайын қоғамда сұранысқа ие мамандықтарды аяқтап жатқан мамандар өмірден өз орындарын тауып, жұмысқа орналасып, кәсіптерін жалғастыруда. Оқу орнында студенттердің жан-жақты білім алуына толық жағдай жасалынған. Онда 2 оқу корпусы, жатақхана, 9 шеберхана, 15 оқу кабинеті бар. 2024-2025 оқу жылында барлық білім алушылар саны – 208, биылғы қабылданғаны – 110.

Аталмыш оқу орнында студенттердің қатысуымен түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Білім және спорт саласы бойынша да жетістікке жеткен студенттер де баршылық. Оларды атай кетсек, 2023 жылы «Worldskills Aqtobe-2023» аймақтық чемпионатында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсеткен Максим Игнатюк, «Ағаш шеберлігі ісі» құзыреттілігі бойынша қатысқаны үшін Әлібек Жакетаев, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Қайнар Рах және 2024 жылдың 7-13 қазан күндері «Мега Мозг» республикалық онлайн марафонының 9-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері арасында өткізілген «SENIOR – лига» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болған Мұрат Жандосты ерекше атауға болады. Сонымен қатар А.Дырко, А.Ким, А.Биембаева, А.Узбекова, А.Байдуллаев, С.Рах, Қ.Шоқанов волейболдан облыстық, аудандық жарыстардан жүлделі орындарға ие болып жүр.

Колледж түлектері Айгүл Тілепбаева, Вадим Касымов, Александр Дубов қазіргі кезде ТҚС (Техникалық қызмет көрсету станциясы) ашып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр. Сонымен бірге 2024 жылғы түлегіміз Ләззат Бекжанова тігіншілік бойынша кәсібін үйден ашып, жұмыс жасауда.

Алға қаласындағы аталмыш оқу орнының алар орны бөлек, себебі дәл осы мекеннен талай ауданымыздың әлеуметтік және экономикалық дамуына өзіндік үлесін қоса білген нағыз өз ісінің шеберлері шыққан.

Колледжде мереке қарсаңында яғни, 15 қараша күні студенттерді студент қатарына қабылдау кеші өткізілгелі отыр. Бұл салтанатты шарада студенттерге студент билеттері табысталады деп жоспарлануда. Біз де газет редакциясы ұжымының атынан барлық колледж студенттерін мерекелерімен құттықтай отыра, жеңістер мен жетістіктер тілейміз!

Марал Сандыбай

 Студенттердің әзіл сөздігі

 Студенттік өмір – соғыс пен бейбітшілік

Екілік – қырсызға қамшы

Үштік – үміт шоғы

Төрттік – Тәңір сыйы

Бестік  — бақыт құсы

Куратор – студенттің өгей шешесі

Директор, ректор – күн құдайы

Аудитория – ұйықтайтын орын

Зачет – ұйықтамай өтетін түндер

Емтиханда отырған студент – жанталаса қаруланған мемлекет

Емтихан тапсыру – табада тірідей шыжғырылу

Сессия  — қатерлі кезең

Курстық жұмыс – жан беріп, жан алысу

Аудиторяға кешігіп кіріп тұрған студент – қырық өтірікші

Шпаргалка – жедел жәрдем

Оқу орны – жастардың сән үйі

Лекция  — отты жылдар шежіресі

Үзіліс – бармысың бауырым, іздеудегі жан құрбым

Кітапхана —  білім кафесі

Оқу залы – тапқаныңды кеміру

Абонемент – білім бюросы

Қоңырау – сүйкімді симфония

Сокурсник – ұяластар

Стипендия – аштық арашасы

Диплом – тіршілік тірегі немесе өмірлік наның

Ауылға бару – Кіші қажылық

Анаңның қоңырауы – Отбасыңды сағынғаныңды білдіретін сәт

СМС – «куратор іздеп жатыр ма?» деген қорқыныш жылт ете

қалатын сәт

Ұйқыашар (будильник) – ең жағымсыз әуен

Жатақхана – өз үйің, өлең төсегің

Kaz.inform.kz сайтынан алынды