Шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі
Алға ауданы бойынша төтенше жағдайлар бөлімі шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі туралы ескертеді.
Осыған байланысты өрттерді болдырмау мақсатында, аудан тұрғындарына, шаруашылық қожалықтарының басшыларына, жер учаскілерінің жалға алушыларына және иелеріне сақтық шараларын орындау қажеттілігі туралы жеткіземіз:
- ұшқынсөндіргіш құрылғылармен жабдықталмаған, отын және гидравликалық жүйелерінде ЖЖМ ағып жатқан, өрттерді сөндіру құрылғыларымен жабдықталмаған автотракторлық техниканы жұмысқа қоспау;
- сөндірілмеген алаулар, бықсылған темекі мен сірінкелерді қалдырмау;
- жалға алынған және тиесілі шабындық алқаптарда толық көлемде қатты жем-шөптің жинауын жүзеге асыру.
Есте сақтаныз: Әрдайым өрт қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, Сіз өзіңізді және басқаларды ауыр зардаптан сақтайсыз!
Алға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі