Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуына, қоғамның тұрақтылығына және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі қауіп төндіретін әлеуметтік дерт. Ол заңның үстемдігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін әлсіретеді.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл бағытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамда адалдық қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі тетігі – ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру болып табылады. Осы орайда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауына, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауына ерекше назар аударылады.

Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру маңызды. Әрбір азамат заң бұзушылықтарға бей-жай қарамай, әділдік пен адалдықты өмірлік ұстаным ретінде қабылдауы қажет. Жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, білім беру мекемелерінде адалдық сабақтарын өткізу – болашақта бұл індеттің тамырын жоюға бағытталған тиімді қадамдар.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заңға бағыну, адал еңбек ету және әділ шешім қабылдау – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

   Алға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі