Үгіт-насихат жұмыстары аясында аудандық коалиция мүшелері Қайнар ауылының тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық коалиция мүшелері ауыл халқына жаңа Ата Заң жобасына енгізілген өзгерістерді кеңінен түсіндіріп, оның ел дамуына тың серпін беретін бастамаларына тоқталды. Әсіресе, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту және жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған нормаларға ерекше мән берілді.

Жиын ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты арттырып, маңызды реформалардың мән-маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.