Жаңа Конституция жобасы – еліміздің саяси және қоғамдық дамуына серпін беретін маңызды бастама. Бұл құжатта азамат мүддесі мен мемлекеттің жауапкершілігі өзара үйлесім табуы тиіс деген ұстаным айқын көрінеді.
Менің пікірімше, жаңа жоба қоғамдағы сенімді нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған. Әсіресе, заң алдындағы теңдік, әділдік қағидаттарының нақты бекітілуі – мемлекет тұрақтылығының негізі.
Сонымен қатар:
• азаматтардың пікірін ескеру тетіктері кеңейтіледі;
• мемлекеттік органдардың есептілігі күшейеді;
• әлеуметтік бағыттағы нормалар нақтыланады;
• ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтары айқындалады.
Бұл бастамалар тек құқықтық реформаны емес, қоғамның сапалы жаңаруын білдіреді. Сондықтан Жаңа Конституция жобасын ел болашағына бағытталған маңызды қадам деп бағалаймын.
И.Тлеген,
қоғам белсендісі