Жаңа нысан ашылды


Қазіргі таңда аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлер жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Осыған орай, қаламызда «BAI DONER and KOJE BAR» орталығы ашылды.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан алған «Ауыл аманаты» жобасы кәсіпкерлік саласына ерекше ден қойылып, бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында ауданда көлемінде ауқымды жүзеге асырылуда.

Қаламыздың тұрғындарын кәсіпкерлікке тарту, шаруашылықтарды дамыту, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды мақсат еткен «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы қаламыз бойынша бүгінгі таңға ұсынылып отырған жобаға жалпы соммасы 447 млн.теңгені құрайтын 69 жоба тапсырылып отыр. Жобаға қатысуға ниет білдірген тұрғындарға қала мен ауыл әкімдіктерінің мамандары, одан қалды әкімдер мен ауыл шаруашылық бөлімінің мамандары барынша демеу беріп, құжаттарын жасақтауға көмектесіп жатыр. Айталық, бизнес-жоспарларын құруға, кепілдікке салынатын мүліктің бағалануына, құжаттардың «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылуына, жобаның қорғалуына барынша қолдау көрсетуде, — деді қала әкімі нұрбол Сурбаев.

Осы уақытқа дейін жалпы саны 90 жобаның құжаттары жасақталып «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына тапсырылған. Бүгінде оның алпыс тоғызы мақұлданған. Олар — тігін шеберханасы, оңалту орталығы, жиһаз цехі, тамақтану орталығы, азық – түлік дүкені, монша, ешкі шаруашылығы, құс шаруашылығы және жылыжай.

“Ауыл аманаты” жобасы бойынша алғалықтар да 2,5 пайызбен несие алып жатыр. Бұған дейін тек қана ауданымызға қарасты ауылдардың тұрғындарына тиесілі мүмкіндік, бүгін қаламыздың тұрғындарына да жетті. «Ауыл Аманаты» аясында Алғалық кәсіпкер Райхангүл Жампейсовадан фаст-фуд өнімдері мен көженің түр-түрін дайындайтын дәмхана ашқан.

Мемлекет тарапыннан берілген үлкен мүмкіндікті неге пайдалан басқа. Несие жылдық 2,5 пайызбен беріледі. Оның үстіне алғашқы жылы, яғни кәсібіңді дөңгелетіп алғанша, төлемнен босатыласың. Сондықтан «Ауыл Аманаты» жобасының шарттары тиімді. Маған жобаға қатысып, құжаттарды жинақтау, сондай-ақ тапсыру жұмыстары да қиынға түскен жоқ. Бұл жағынан жергілікті әкімдіктің қызметкерлері қолдау көрсетті. Негізі кәсіпті ашудағы басты мақсатымың бірі «Көже бар» болатын. Қазіргі таңда, жастарымыз газдалған сусын ішкенше таза өніммен дайындалған көжені ішсін деген болатынбыз. Ал, фаст-фудқа келер болсақ бұл бизнес баламның жұмысы. Бұл да, жастардың қазіргі таңда сүйікті асына айналып кетті. Қазіргі уақытта келуші тұрғындар да, үйге заказ беретін тұтынушыларымыз да аз емес. Жалпы біздің орталығымызда көженің бірнеше түрін дайындаймыз, — деді кәсіпкер Райхангүл Жампейсова.

Күн сайын қала тұрғындарының сұранысы көбейіп келеді.  «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірнеше нысандар бой көтеріп, ашылуда. Алғалықтар жобаға үлкен үміт артып отыр, қала мен ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор. Олар өз кәсібін бастауға немесе осыған дейін болған шағын кәсіптерін дамыта алатынына дән риза.

Мәншүк ӨМІРХАНҚЫЗЫ