Спортты сүйсең, менше сүй
Спорт – денсаулық кепілі. Сол себепті әлемде қаншама адам спортпен шұғылданып, бар ғұмырын салауатты өмір салтына арнайды. Әлемде ең көп тараған, ерекше ықыласқа ие спорт түрі – футбол екені анық. Ал, біз білмейтін спорт түрлері қаншама?! Адам баласының қиялы шексіз дегенді жиі айтамыз. Иә, расында да әр күн сайын таңданыс тудыратын жаңа нәрселерге куә болып жатамыз. Адамдар жаңалыққа, ерекше бірдеңе ойлап табуға құмар болып келеді. Бір-ақ мәрте берілетін өмірді қызықты етіп сүру үшін түрлі қадамдарға барады.
Шағын футбол жарысы
Жалпы, әлемде доп додасына қызығатын жанкүйерлер қатары көп. Қазіргі уақытта ауданымызда көз тіккен кіші футбол жарыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылуда. Бестамақ ауылы жастарының ұйымдастыруымен шағын футболдан «BESTAMAQ CUP» ауыспалы кубогінің алғашқы турнирі бастау алып, өз мәресіне жетті.
Ауыл жастары мен ересектері арасында 9 команда қатысуымен өткен дүбірлі доданың мақсаты – құрама команда дайындау және ауыл жастарының өзара ынтымақтастығын қалыптастырып, салауаттылыққа баулу болды.
Нәтижесінде І орынды 1996-1997 жылы туған, ІІ орынды 1994-1995 жылы туған, ІІІ орын 1989-1990 жылы туған спортшылар иеленді. Сонымен қатар, Бекзадин Абай — «ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ», Қанатбаев Асылхан — «ҮЗДІК ҚАҚПАШЫ», Ертуғанов Мурадин — «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ», Жубаниязов Ерасыл — «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ», Мақсотов Бекжан — «ҮЗДІК ТӨРЕШІ» марапатына ие болды.
Жарыс Бестамақ ауылы әкімдігі мен Алға БЖСМ әкімшілігінің қолдауымен өтті. Бестамақ ауылының футбол жанашыры, кәсіпкер Бекжан Мақсотов өз атынан ерекше көзге түскен ойыншыларға арнайы естелік сыйлықтарын табыс етті. Жастардың негізгі ойы осы аталмыш турнирді 6 ай сайын дәстүрлі түрде өткізіп, ауыспалы кубоктін иегерін анықтау.
Денсаулық – бұл үлкен нығмет
Барлық спорт түрлері өз ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Волейбол болса — комбинациялық спорт түрі. Волейбол алаңында әрбір спортшы маңызды рөл атқарады. Волейбол ойыншысы биіктікке секіру қабілеті жоғары, реакциясы мықты, командаластарымен еркін түсінісетін, физикалық әлеуетін соққы жасау кезінде орынды пайдалана алатын ойыншы болғаны жөн.
Жалпы волейбол 1895 жылы ересектер үшін қауіпсіз спорт ретінде ойлап табылды. Қазіргі уақытта да әлемдегі ең танымал бесінші спорт түріне айналды.
Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы және Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Турнирге жалпы 5 команда қатысып, ойын нәтижесінде І орынды — Есет батыр командасы, ІІ орынды — Бестамақ командасы, ІІІ орынды — Алға жамағаты командасы қанжығаларына байлады.
Адам баласының ойлап тапқан әрбір пайдалы әрекеттерінің өміршеңдігі оның қоғам мүшелерінің ортақ қазынасына, өмірлік салтқа айналуынан көрінетін шындық. Волейбол спорт ойыны – бар ұлт үшін ортақ қазына, өйткені оны өмірге құштар жандар ойлап тауып өмір нәріне енгізген.
Алға ауданында 9-11 сынып жасөспірімдері арасында волейболдан аудандық турнирі өтті. Аталған турнирге 8 команда қатысты. Нәтижесінде жүлделі І орын – Есет батыр атындағы мектеп-бақшасына, ІІ орын – А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне, ІІІ орын — №3 Алға қазақ орта мектебінің командасына бұйырды. Сонымен қатар, Ертазин Әбілмансур — «Үздік ойыншы», Рахымжанұлы Бақытжан — «Үздік қорғаушы», Слепцов Константин — «Үздік шабуылшы», Сапарғали Мирас — «Үздік байланыстырушы» атанды.
Лига ойындарына командаларды дайындаған барлық жаттықтырушылар арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.
Дәстүрлі спартакиада жалғасуда
Бүгінде соңғы уақытта дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі – стритбол. Бұл ойынның баскетболдан айырмашылығы — алаңда әр командадан 3 ойыншы болады. Олар бір себетке доп салып жарысады. Біздің ауданымызда осы спорт түрімен айналысуға құштар жандар аз емес.
Аудан әкімі жүлдесі үшін мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің арасында бастау алған дәстүрлі аудандық спартакиаданың ерлер спорт түрінен сайысы өтті. Сайысқа 7 команда қатысып, жарыс қорытындысы бойынша І орынды — Қорған командасы, ІІ орынды — №4 Алға орта мектебі, ІІІ орынды – В.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі иеленді.
Дойбы додасы
Аудан көлемінде жыл бойына мүмкіндігі шект
еулі жандарға арналған шаралар легі жалғасын табуда. Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дойбыдан аудандық турнир өтті.
Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өткен турнирге барлығы 20 адам қатысты. Аудан көлемінде ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді атсалысуына жан-жақты жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Алға аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы.
Сондай-ақ олардың ой-өрісін дамытуға дойбы жарысы жиі-жиі өткізілетінін де тілге тиек етіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Алға ауданының мәдениет үйінде ұйымдастырылған сайысқа аудан көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты. Мұндағы мақсат – олардың спортқа деген қызығушылығын көтеріп, өзін-өзі таныту, қоғамдағы белсенділігін арттыру болатын.
Дойбыдан жарысқа түскен мүмкіндігі
шектеулі жандардың өмірге, спортқа деген өзгеше қызығушылығы көрініп-ақ тұрды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында І орынды Өтеғұл Бисембаев жеңіп алса, ІІ орынды Серім Амангелді қанжығасына байлады. Ал, ІІІ орын Гайдар Құрманиязға бұйырды.
Дойбыдан нәзік жандыларымыз да жеңіс жолында аянып қалмады. Бұл жарыста жеңіс тұғырының жжүлделі І орны Нұрсәуле Ақбергеноваға, ІІ орын Бағила Көктабановаға, ІІІ орын Айжан Муратоваға бұйырды. Жарысқа қатысқан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Қоғамда кеңінен қызығушылық оятқан спорт түрі – үстел теннисі. Жас ерекшелігінде шектеу қойылмаған бұл спорт түрі жылдан-жылға жанданып, елімізде өте кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Спорттық және қозғалыс ойындары ретінде материалдық шығынды, жаттығу кезінде және спорттық жарыстарда аса көп орынды да талап етпейтін бұл спорт түрі жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып, адамның бойына жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділігін арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдап, ойлау қабілеттіліктерін қалыптастырады.
Алға қаласын
да 22-23 сәуір аралығында Дүиежүзілік үстел теннисі күніне орай ұйымдастырылған «TABLE TENNIS FEST-2024» ашық аудандық фестивалі өтті. Жарысқа Ақтөбе облысының 12 ауданынан спортшылар қатысуда. Олар Алға БЖСМ, Ақтөбе SMART білім, Байғанин, Мартук, Мұғалжар, Темір, Кеңқияқ БЖСМ, Қарақұдық, Қарақобда, Есет батыр мектеп бақшасы, Талдысай, Бестамақ командалары қатысты.
- Қазір мұнда облыстық, қалалық, аудандық жарыстың жеңімпаздары өнер көрсетуде. Бұл спортқа деген жастардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Өйткені үстел теннисі – қызық әрі барлық адамға қолжетімді спорт түрі, – деді үстел теннисінен мүмкіншілігі шектеулі жандар арасындағы Қазақстан спорт шебері, Байганин ауданының БЖСМ әдіскері Нұрлан Төлеу.
Жарыста жас ерекшеліктері бойынша 6 категория бойынша спортшылар қатысты. Атап айтқанда, 2013 жыл және одан төмен жылы туған жасөспісімдер мен қыздар, 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар, 2007-2010 жылы туған жасөспірімдер мен қыздар, сонымен қатар 18-39 жас, 40-55 жас, 56 жастан жоғары спортшылар бақ сынады. Жарысқа қатысушы саны 110 адам.
- Үстел теннисін кішкентай баладан еңкейген қарияға дейін ойнауға болады. Мен өзім алпыста болсам да, теннис жаттығуын қалдырмаймын. Кезінде спортпен айналысқан соң, қазір үйде отыра алмаймын. Салауатты өмір салтын ұстану өзіме жақсы, — дейді спортшы Дархан Қанатбаев.
Жеңімпаздарды атап айтқанда,
2007-2010 ж.т.жасөспірімдер мен қыздар арасында:
І орын — А.Жансерік — SMART білім, Н.Тулесинова — Алға БЖСМ
ІІ орын – Р.Алтынбекұлы — SMART білім, Ж.Тоғызбай — Алға БЖСМ
ІІІ орын — С.Кадыралин — Темір БЖСМ, С.Кереева — Алға БЖСМ
2011-2012 ж.т.жасөспірімдер мен қыздар арас
ында:
І орын — Е.Беріков — Темір БЖСМ, Ж.Асылханқызы — Алға БЖСМ
ІІ орын — Е.Асан — Алға БЖСМ, А.Дөң — Алға БЖСМ
ІІІ орын — Ж.Ертөстік — Алға БЖСМ, Н.Асылханқызы — Алға БЖСМ
2013 ж.т.жасөспірімдер мен қыздар арасында:
І орын — Қ.Қабылашев — Алға БЖСМ, Ж.Құ
рамысова – Мәртөк ауданы
ІІ орын — Т.Өтеғали — Алға БЖСМ, А.Фазылбек – Бестамақ ауылы
ІІІ орын — Д.Жанат — Темір ауданы, А.Байденова — №4 Алға орта мектебі
18 — 39 жас аралығында ерлер мен әйелдер:
І орын — Жанабергенов — Темір ауданы, Д.Галимова – Ақтөбе қаласы
ІІ орын — Ж.Байбағтен – Темір ауданы, А.Карпович — Алға БЖСМ
ІІІ орын — А.Раев — SMART білім, Ж.Оңдасынова — Алға БЖСМ
40-55 жас аралығында ерлер мен әйелдер
І орын — Е.Қурамысов — Мәртөк БЖСМ, Г.Умирова — №3 Алға қазақ ОМ
ІІ орын — А.Назар — Темір Б
ЖСМ, Абитова — Темір БЖСМ
ІІІ орын — А.Қазов – Байғанин ауданы, Б.Мусина – В.И.Пацаев атындағы №2 Алға ОМ
56 жоғары жастағы ерлер:
І орын — Н.Төлеув — Байғанин ауданы
ІІ орын — Б.Тулегенов — Байғанин ауданы
ІІІ орын — Д.Қанатбаев – Бестамақ ауылы
Үстел теннисі — әлемдегі ең танымал спорттық ойындардың бірі болып саналады және бұл бекер емес. Екі күнге созылған үстел теннисі өз мәресіне жетті. Ауданымызға келген жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі Нұрбол Ержановтың «Алғыс хатымен» және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Мәншүк САПАРОВА