Құрметті алғалықтар!

 Сіздерді ұлық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – қазақ халқының тарихындағы ерекше белес. 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның егемендігі туралы декларация – еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы, әрі ең маңызды қадам болды.

Республика күні – Тәуелсіздігіміздің жаршысы, ел еркіндігін айғақтайтын тарихи оқиға. Бұл мереке – егемен ел ретінде іргемізді бекітіп, ұлттық рухымызды қайта түлеткен сәтті еске салатын қасиетті күн.

Ел дамуының өркенді жолында Алға ауданы халқының да өзіндік үлесі зор. Аудан тұрғындарының қажырлы еңбегінің арқасында өңір экономикасы тұрақты дамып, әр салада жаңа бастамалар мен игілікті істер жүзеге асып келеді.

Құрметті жерлестер!
Біз – азат елдің ұрпағымыз. Ендеше, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерімізді көздің қарашығындай сақтап, ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарымыз бен тілімізді, салт-дәстүрімізді құрметтеу – баршамыздың ортақ парызымыз.

Баршаңызға мол денсаулық, отбасылық береке, баянды бақыт тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!

 Асланбек Шүйіншәлиев,

 Алға ауданының әкімі