Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеудің, рухани қалыптастырудың алтын ұясы. Осы ұлы миссияны абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ескельдина Айзада Абдигалиевна.
Айзада Абдигалиевна – білім саласында 40 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаз. Ол өз кәсібіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, шығармашыл әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары педагог. Көпбалалы отбасында дүниеге келген ол еңбекке ерте араласып, ұстаздық жолды саналы түрде таңдаған.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде Айзада Абдигалиевна оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда, шығармашылық қабілетін шыңдауда табанды еңбек етіп келеді. Оның сабағы – тек еңбекке үйрету емес, өнерге баулу, шеберлік пен талғамды ұштастыру. Шәкірттері аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары ретінде мектептегі тәрбие жұмысының жүйелі, мазмұнды және сапалы жүргізілуіне басшылық жасап келеді. Ол оқу ордасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, мәдени-рухани іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді.
Айзада Абдигалиевна – ұжымда беделді, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ұстаз. Оның әдістемелік жұмыстары мен тәрбие бағытына арналған жобалары аудандық және облыстық семинарларда тәжірибе ретінде таратылып жүр.
Ұстаз еңбегі ескерусіз қалған емес – Айзада Абдигалиевна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Бұл марапаттар – оның ұзақ жылғы жемісті еңбегінің, кәсіби шеберлігі мен адами келбетінің айқын дәлелі.
Ескельдина Айзада Абдигалиевна – өз ісінің шебері, тәрбие мен өнердің ұштастығын үйлестіре білген, жас ұрпаққа шынайы жанашырлықпен қарайтын педагог. Оның еңбегі – білім мен тәрбиенің алтын діңгегіне айналған. Мұндай ұстаз – мектептің тірегі, ел болашағының кепілі.
Құрметті Айзада Абдигалиевна! Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз зор, отбасыңыз аман болсын!

Ізгі ниетпен: Тоқмансай орта мектебінің ұжымы (далее…)

Continue ReadingАбыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

5 мамыр — Дүниежүзілік акушерлер күні

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады, және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін…

Continue Reading5 мамыр — Дүниежүзілік акушерлер күні

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Алға ауданының әкімі А.С.Шүйіншәлиевтің құттықтауы

Құрметті арулар! Аяулы аналар, ардақты әпкелер мен нәзік жанды қарындастар!        Сіздерді көктемнің шырайлы шуағымен бірге жеткен 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн…

Continue Reading8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Алға ауданының әкімі А.С.Шүйіншәлиевтің құттықтауы

Алға ауданының табысты жетістіктері

Жыл қорытындысы – 2024  Алға ауданының табысты жетістіктері 26 желтоқсан 2024 жылы Алға аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Жыл қорытындысы – 2024» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шара аудан халқының, құрметті қонақтар…

Continue ReadingАлға ауданының табысты жетістіктері

Құттықтау

Құрметті Бекжан Аппазұлы! Сізді зейнеткерлікке шығу сәтіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін ұзақ жылдар бойы абыроймен атқарып, адамгершіліктен айнымаған, еліне адал қызмет еткен жан…

Continue ReadingҚұттықтау

Біз бақытты баламыз

"Қасиет-АБИ" ЖШС-нің "Балдырған" балабақшасында 1 маусым "Балаларды қорғау" күніне арналған "Біз бақытты баламыз" тақырыбында көңілді сағат өтті.Балалар би биледі, ән айтты, ойындар ойнады,асфальтқа сурет салды.  Жыл бойы байқауларға жақсы қатысып,…

Continue ReadingБіз бақытты баламыз

Алға ауданының әкімі Н.Ержановтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Құрметті алғалықтар! Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. 1 мамыр мерекесі Қазақстанда бейбіт өмір мен ынтымақты тірлік кешіп отырған барша отандастарымыз үшін достық…

Continue ReadingАлға ауданының әкімі Н.Ержановтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Нұрбол Ержановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер! ​Барша мұсылман қауымы жыл бойы сағына күтіп, қимай шығарып салатын 12 айдың сұлтаны «Ораза айы» аяқталып, Ораза айт мейрамына жеттік. ​Барлығыңызды мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекелерінің бірі…

Continue ReadingАудан әкімі Нұрбол Ержановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құттықтау!

Құрметті Жанар Сабденова! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ұзақ мағыналы ғұмыр, еңбегіңізге толағай табыстар тілейміз! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, бақыт пен табысқа, шат күлкі мен…

Continue ReadingҚұттықтау!