Ауыл шаруашылығының маңызды саласы – мал шаруашылығы екені сөзсіз. Төрт түлік мал қашаннан қазақтың тұрмысындағы ажырамас кәсіп. Бүгінде ауданымыздың кәсіпкерлері көшпелі қазақ тұрмысынан бастап күні бүгінге дейін жалғасқан ата кәсіптің бұл түрінің көкжиегін кеңейтуде. Ауыл шаруашылығының бір саласы мал басын көбейту, ірілендіру мен асылдандыру саланың дамуына айтарлықтай үлес қосуда. Ауданымызда соңғы жылдары шаруа қожалықтарына ден қойғандардың саны артып келеді. Осыған орай, Ақай ауылдық округінің «Исламбек» шаруа қожалығының иесі Салауат Түлкібаев туралы айтуды жөн санадық.
Жыл санап кәсіпкерлердің қарасы көбейіп келеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында қарқынды даму байқалады. Мал шаруашылығы саласында биылғы жылы жақсмы нәтиже көрсеткені байқалып-ақ тұр. Мемлекет тарапынан қолдау тапқан тиімді бағдарламалар халықтың ата-кәсіппен кеңейтуге, адал еңбекпен нәпақасын табуына үлкен мүмкіндіктер туғызуда. Дегенмен өз күштері, маңдай тері еңбектері мен барлық жігерін салып көтеріліп жатқан кәсіпкерлерімізде жетерлік. Ет, сүт бағытында жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлеріміз бар. Бүгінгі таңда 25 жылға жуық «Исламбек» шаруа қожалығы, асыл тұқымды малдарын өсіріп жатқанын айтуға болады. Біз бастаған кейіпкеріміздің жұмысқа жауаптылығын, іскерлік қабілетін көрсетумен шектелмей, адамгершілік келбетін, мінез байлығына, жеке қасиеттеріне де көңіл бөлдік.
Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді
Қазақ халқы әу бастан мал баққан, сол арқылы жан баққан халық. Кең байтақ жеріміздің шөбі шүйгінді, жері құнарлы. Шаруашылығын төрт түлікке толтырып, ел ырызығын еселейтін ауылшаруашылығының берік тағаны – мал шаруашылығы.
Көшпелі қазақ халқы жазда жайлауға, қыста қыстауға қарай қоныс аударып, мал жаюға ыңғайлана өмір сүрген. Ата – бабамыз бұл кәсіпке ерекше мән беріп, жесең – ас, кисең – киім, төрт түлікті ғасырлар бойы тіршілігіне басты таяныш етіп келгендігі де сондықтан.
«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген ұстанымға беріктілердің шаруасы шалқып, несібесі артатыны белгілі. Шаруаның қай түрі болса да шаршататыны рас. Бастысы еңбек ету керек.
«Қайта құру кезеңінің қарбалас шағында 1999 жылы «Исламбек» шаруа қожалығы бой көтерді. Осы шаруа қожалығымен қатар егін шаруа шаруашылығын қатар алып келемін. Екі шаруаны бірден қолға алып, Бүгінде өз ісіңе адал, тиянақты болсаң, жетістікке қол жеткізуге болады. Осы кәсіпті өзіміздің жерден бастауды жөн көрдім. Осы, шаруа қожалықты бастағаныма 25 жыл уақыт болды. Әрине шаруа жасау оңай емес. Жанымда отбасым тұрғанда, қолдауын білдіретін бауырларым болғанда жұмыс алға жүреді. Бүгінгі күні шаруашылықты 12 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Олардың барлығы осы шаруашылықта бірнеше жылдардан бері аянбай еңбек етуде. Жұмысшылар да ай сайын жалақысын тұрақты алып отырады. Жыл соңында өздеріне тиесілі сый ақыларын да беріп отырамын», – дейді шаруагер Салауат Түлкібаев.
Түрлі жеңілдікті жөнімен пайдаланып, бастапқыда жинаған қаржысын салып, кәсібін өркендетіп жүрген шаруа қожалықтардың бірі – Ақай ауылдық округінің «Исламбек» шаруа қожалығы. Қазіргі таңда, оған Салауат Түлкібаев жетекшілік етеді.
Ақай ауылдық округінің аумағында орналасқан шаруа қожалығы ісі көпке үлгі. Өз қаражаты негізінде бастаған кәсіпкер лезде ісін дөңгелетіп әкетті. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруа қожалықтың тұрмыс-тіршілігі ойдағыдай десек болады. Кәсіптің көзін табамын дегендерге бүгінгі таңда қай жерде болмасын мүмкіндік көп. Бұл бағытта Ақай ауылының әкімі Баймұрат Жаналин шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
«Бүгінде Ақай ауылдық округте ірілі-ұсақ 30 шаруа қожалығы бар. Халықтың біразы мал шаруашылығымен айналысады. Дені мемлекет тарапынан көрсетілген көмегін алып, Ақай ауылында төрт-түлікті түлетіп, техникаларын жаңартуда. Біз алдағы жылы құс пен өсімдік шаруашылығын дамытуға ден қойып жатырмыз. Дегенмен бұл мал шаруашылығымен айналысуға болмайды деген сөз емес. Ірі шаруа қожалықтары есебінен тауарлық несие ретінде мал беріледі. Ауылда кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жастар үшін ауылда барлық жағдай жасалған. «Қамданған қапы қалмайды» деген, биылғы мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығын дайындауға шаруалар, ауыл тұрғындары белсене кірісіп жатыр. Алдағы жылы шаруа қожалықтары жақсы нәтиже береді деген үмітіміз мол», – деді ауыл әкімі.
Қарапайым отбасындан шықтық
«Алып анадан туады» деген сөз бар. Батырды да, ақынды да, әкімді де дүниеге әкелетін – Ана. Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен де ана кеудесінен нәр алып өседі. Әр ана өз баласын өсіре отырып, ұлт тәрбиесіне үлес қоспақ. Бүгінде дөңгелетіп отырған қожалықтың басшысы Салауат ағамыз қарапайым шаруа отбасында ер жеткен. Аталмыш шаруа қожалығы бүгінде мал басын арттыруды жоспарлаған ағамыз өз ісінің шебері.
Салауат Түлкібаев 1956 жылы Ақай ауылдық округінде дүниеге есігін ашқан. Әкесі Шәріп Ұлы Отан соғысының ардагері, колхозда малшы, механизатор болып қызмет атқарса, ал анам Салан зейнеткерлік жасқа дейін ұлағатты ұзтаздық қызмет атқарған. 1973 жылы Ильинка орта мектебін тәмәмдап, кәсіптік техникалық училищеде білім алған. 1975 – 1977 жылы Отан алдындағы борышымды өтеп, кейін отбасы құрған.
Өнегелі отағасының жұбайы Сәуле апайымыз мектепте мұғалімдіктен зейнетке шыққан. Олар бүгінде отбасыларының ақылшысы, немерелерінің сүйікті ата-әжесі, отбасының ұйытқылары болып отқан жандар.
Еңбек жолымды осы ауылдан бастаған. Шұбарқұдық ауылындағы индустралдық – педагогикалық техникумында 1981 жылы білім алумен қатар, «Парижская коммуна» колхозында автомеханик, автогараж меңгерушісі, бригадир болып қызмет еткен. Содан кейін 1990 – 1999 жылдары жанар-жағар май стансысында меңгеруші бригадирлік жұмыстарды жасаған. Мал тұқымын асылдандыру-малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Салауат ағамыздың ендігі мақсаты – асыл тұқымды малды асылдандыру, саннан сапаға көшіп, мал етінен өнім шығаруды жоспарлап отыр. Шаруа қожалық иесі тек малмен ғана шектелмей алдағы уақытта басқа да шаруашылықпен айналысу жоспарлауда.
Әрине осы шаруашылықпен айналысып еңбегтеріміз еленіп жатқаны біздің отбасымыз үшін үлкен жетістік. Шаруашылықтың жетістіктері аз емес. Облыс әкімі бастаған, ауданы әкімі қостаған құрмет грамоттасы мен алғыс хаттарына бірнеше мәрте марапатталған. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы саласындағы үздігі» төсбелгісінің иесі атанған. Бұл «Исламбек» шаруа қожалығы үшін биылғы жылғы жеткен жетістіктерінің ең үлкен сыйы десе де болады. Әрине адал еңбек әрқашанда бағаланса, жұмыстың жақсы нәтиже беріп, ауданымызға өзіндік бір үлесін қосқанмен тең болар еді.
«Қайырымдылық – жылы жүректен» дегендей, кейіпкеріміз қайырымдылық жасаудан да қалыс қалмай, ауылдағы мұқтаж жандарға үзбей қол ұшын беруді әдетке айналдырған. Жақсы тазы кездессе, жылқы беруден тайынбаймын деуіне қарағанда, ұлтымызға тән саятшылық өнерді көнігі кәсіп еткені аңғарылады.
«Иә, қайырымдылық шараларға қатысып тұрамын. Қара басымның қамын ғана ойламай ауданға бір көмек қолын беріп отырамын. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болудың қажеті шамалы, ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады», — дейді Салауат ағамыз.
Иә, «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, еңбек етіп, мақсатқа жеткен жанның шаруасы шалқып, несібесі артатыны белгілі. Адал еңбегінің ақ майын татып отырған «Исламбек» шаруа қожалығының жұмысы көпшілікке үлгі етуге тұрарлық деп есептейміз.
Шаруашылық тап-тұйнақтай
Қазақта «Қылышын сүйретіп, қаһарына мініп қыс та келеді» деген сөз бар. Бұл халқымыздың қай кезде де қыстан қауіп-қатер күтіп, сақтанып отыратынын көрсетсе керек. Тіршілігі малмен байланысты қазақтың бұл өмір дағдысы десе де болады. Сондықтан күні бүгінге дейін осы сақтық әр жыл сайын қайталанып отырады.
«Қазақ жастары ата кәсіппен айналысуы керек. Адам баласы өзіне сеніп беріп, еркін өмір сүргені дұрыс. Көп жағдайда батылдық жетпей жатады. Қазақта сөз бар «Торғайдан қорыққан тары екпейді» деген. Сондықтан шаруаның адамы боламын. Расында, оның жауапкершілігі мол. Мына бейбіт заманда тірлік жасап, адал еңбектенсең ғана тірлігіңнің нәтижесін көресің. Шаруаның адамдары адал еңбектенсе оның жемісін міндетті түрде жейді. Ал біздің шаруа қожалыққа келер болсақ, жыл сайын жұмысымыз жанданып келе жатыр. Алдағы уақытта үлкен мақсатымыз – шаруашылықты әрмен қарай дамыту», – дейді кәсіпкер.
Осыдан кейін қыстың аспанға қыстамайтынын ойға алып, оған дайындығымыз қалай екендігін де білгіміз келді. Бұл реттегі шаруашылығымыздың жағдайы тап-тұйнақтай екенін айта кетті.
Жаңа жыл қарсаңында Салауат ағамыз бен Сауле апайымыздың отбасын мереклерімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыларыңыз аман, денсаулықтарыңыз мықты, кәсіптеріңіз алға қарай жүре берсін. Арман тілектеріңіз орындалсын дейміз.
P.S: «Туған жеріңе туыңды тік» деген даналық ұғымды басшылыққа алған, ауданымыз үшін өзіндік үлес қосып жүрген өз елінің патриоты, кең жүректі, абыройлы ағамыз Салауат Шәріпұлбының өмірлік ұстанымы мен еңбек жолы көпке үлгі боларлық. Әрине ауданымыз үшін үлес қосып жүрген аға-буындарға алғысымыз шексіз.
Мәншүк САПАРОВА