Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеудің, рухани қалыптастырудың алтын ұясы. Осы ұлы миссияны абыроймен атқарып келе жатқан жандардың бірі – Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ескельдина Айзада Абдигалиевна.
Айзада Абдигалиевна – білім саласында 40 жылдан астам уақыт бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаз. Ол өз кәсібіне адал, шәкірт жүрегіне жол таба білетін, шығармашыл әрі ұйымдастырушылық қабілеті жоғары педагог. Көпбалалы отбасында дүниеге келген ол еңбекке ерте араласып, ұстаздық жолды саналы түрде таңдаған.

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі ретінде Айзада Абдигалиевна оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда, шығармашылық қабілетін шыңдауда табанды еңбек етіп келеді. Оның сабағы – тек еңбекке үйрету емес, өнерге баулу, шеберлік пен талғамды ұштастыру. Шәкірттері аудандық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары атанып жүр.
Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары ретінде мектептегі тәрбие жұмысының жүйелі, мазмұнды және сапалы жүргізілуіне басшылық жасап келеді. Ол оқу ордасында ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылардың патриоттық рухын қалыптастыру, мәдени-рухани іс-шараларды ұйымдастыруда үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді.
Айзада Абдигалиевна – ұжымда беделді, жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгер ұстаз. Оның әдістемелік жұмыстары мен тәрбие бағытына арналған жобалары аудандық және облыстық семинарларда тәжірибе ретінде таратылып жүр.
Ұстаз еңбегі ескерусіз қалған емес – Айзада Абдигалиевна ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталған. Бұл марапаттар – оның ұзақ жылғы жемісті еңбегінің, кәсіби шеберлігі мен адами келбетінің айқын дәлелі.
Ескельдина Айзада Абдигалиевна – өз ісінің шебері, тәрбие мен өнердің ұштастығын үйлестіре білген, жас ұрпаққа шынайы жанашырлықпен қарайтын педагог. Оның еңбегі – білім мен тәрбиенің алтын діңгегіне айналған. Мұндай ұстаз – мектептің тірегі, ел болашағының кепілі.
Құрметті Айзада Абдигалиевна! Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз зор, отбасыңыз аман болсын!

Ізгі ниетпен: Тоқмансай орта мектебінің ұжымы (далее…)

Continue ReadingАбыройлы еңбектен-құрметті зейнетке

5 мамыр — Дүниежүзілік акушерлер күні

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 370 мыңға жуық босану қабылданады, және әрбір осы кереметтің артында акушерлердің еңбегі, қамқорлығы мен біліктілігі жатыр. Олар болашақ аналарды перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін…

Continue Reading5 мамыр — Дүниежүзілік акушерлер күні

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Алға ауданының әкімі А.С.Шүйіншәлиевтің құттықтауы

Құрметті арулар! Аяулы аналар, ардақты әпкелер мен нәзік жанды қарындастар!        Сіздерді көктемнің шырайлы шуағымен бірге жеткен 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн…

Continue Reading8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай Алға ауданының әкімі А.С.Шүйіншәлиевтің құттықтауы

Алға ауданының табысты жетістіктері

Жыл қорытындысы – 2024  Алға ауданының табысты жетістіктері 26 желтоқсан 2024 жылы Алға аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Жыл қорытындысы – 2024» атты салтанатты жиын өтті. Іс-шара аудан халқының, құрметті қонақтар…

Continue ReadingАлға ауданының табысты жетістіктері

Шаттыққа толы Жаңа жыл!

Шаттыққа толы Жаңа жыл! 25 желтоқсан күні Алға қаласындағы «Алуа» мейрамханасында ерекше балалар үшін ерекше жаңа жылдық мереке ұйымдастырылды. Іс-шараға Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысып, мереке қонақтары мен балаларға…

Continue ReadingШаттыққа толы Жаңа жыл!

Құрметті Алға ауданының тұрғындары!

Құрметті Алға ауданының тұрғындары! Сіздерді шын жүректен келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңа мүмкіндіктердің, үміт пен армандардың белгісі десе де болады. Өтіп бара жатқан 2024 жыл…

Continue ReadingҚұрметті Алға ауданының тұрғындары!

ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ  Қымбатты студенттер! Сіздерді 17 қараша – Халықаралық студенттер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Студенттік кезең – бұл қызыққа толы, жастық шақтың ең әсерлі кезеңдерінің бірі. Шаршауды білмейтін, достарыңмен сырласып жүретін,…

Continue ReadingҚҰТТЫҚТАУ

Дәстүрлі «Ізтай оқулары — 2024»

Дәстүрлі «Ізтай оқулары - 2024» 24 қазан - Кітарханашылар  күні   қарсаңында І.Мәмбетов атындағы балалар кітапханасында ақын, аудармашы, журналист Ізтай Тілеуліұлы Мәмбетовтың туғанына 95 жыл толуына орай кітапханашылар арасында «Ізтай оқулары-2024»…

Continue ReadingДәстүрлі «Ізтай оқулары — 2024»

«Егемен ел патриоты» төсбелгісімен марапатталды

«Егемен ел патриоты» төсбелгісімен марапатталды Республика күні ұлттық мерекесі аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес…

Continue Reading«Егемен ел патриоты» төсбелгісімен марапатталды