ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР МЕН ҚАДІРЛІ ҚАРИЯЛАР!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – аға ұрпаққа деген ерекше құрмет пен ілтипаттың белгісі. Сіздер еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, өнегелі ғұмыр жолдарыңызбен кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие беріп келесіздер.

Сіздердің даналықтарыңыз, еңбекқорлығыңыз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – барша қоғам үшін баға жетпес қазына.

Бүгінгі жас ұрпақ бейбіт те жарқын өмір сүріп жатса, ол Сіздердің еңбегіңіздің, төккен теріңіздің арқасы. Сондықтан біз әрдайым сіздерге құрметпен қарап, қамқорлық жасауға дайынбыз.

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен баянды бақыт тілеймін! Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын.

 

Ізгі тілекпен,

Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев